👍 Мини пицца пісірейік!👍
✅ Қамырына керекті заттар:
🔹 Ұн — 2 стақан
🔹 Су (жылы) — 1 стақан
🔹 Қант — 1 шай қасық
🔹дрожь— 1 шай қасық
🔹 Сұйық май — 2 асқасық
🔹 Тұз
✅ Салындыға қажетті заттар:
🔹 Томат пастасы- 2-3 асқасық
🔹 Фарш- 300-400 гр
🔹 Сарымсақ — 2 түйір
🔹 Пияз — 1 дана
🔹 Саңырауқұлақ (консервідегі) — 1 банка
🔹 Тұздалған қияр — 2-3 дана
🔹 Қызанақ — 2-3 дана
🔹 Зәйтүн — 1 банка
🔹 Ірімшік — 300 гр
🔹 Тұз
🔹 Қара бұрыш
✅ Алдымен қамыр илеп, ашытып қоямыз.Фаршқа пияз, сарымсақ, тұз, қара бұрыш саламыз.Қызанақтарды дәл осы қалыппен турап аламыз
Зәйтүн мен тұздалған қиярды тураймыз.Саңырауқұлақтарды да тураймыз.Қамырды орташа қалыңдықта жаямыз.Стақан немесе консерві банкасымен қамырымызды ойып шығамыз.Табамызды майлап, қамырды тізіп шығамыз.Қамырдың қалыңдығы осылай болады.Қамырдың бетіне томат пастасын жағып,салындыны саламыз.Үстіне қияр мен саңырауқұлақты саламыз.Оның үстіне қызанақ пен зәйтүнді қойып шығамыз.Ірімшікті үккіштен өтікізіп, бетіне сеуіп шығамыз.200 градустық пеште 30 минут пісуі қажет. Мини пицца дайын!
Ас болсын 😋